Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:05, 03 Шілде 2024

Қазақстанда Қытайдың үлесі бар кәсіпорындар саны 4700-ден асады

а
Фото: Ақорда

2023 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі 41 миллиард доллар болды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин БАҚ өкілдері үшін өткізген брифингте айтты. 

Қазақстан мен Қытайдың мызғымас саяси қатынастары өзара сенім мен қолдау рухында дамып келе жатыр. Екі ел арасында шешімін таппаған ешқандай түйткіл жоқ. Сондықтан күш біріктіре отырып, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық әріптестікті жандандыруға ниеттіміз. Біз Төраға Си Цзиньпин екеуміз жаңа ғана Бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Құжатта екі ел қатынастарының жетістіктері және алдағы жоспарлары кеңінен қамтылған, деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қытай – Қазақстанның басты сауда серіктесі. Былтыр екі ел арасындағы сауда көлемі 41 миллиард доллар болған. Алдағы уақытта тауар айналымы еселене түспек. 

Қытай – біздің негізгі шетелдік инвесторымыздың бірі. Соңғы 15 жылда бұл елден Қазақстанға 25 миллиард долларға жуық инвестиция тартылды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Былтыр Қазақстан экономикасына құйылған қытай инвестициясының көлемі 16 пайызға өсіп, 1,8 миллиард долларға жеткен. Тараптар бұл көрсеткішті ұлғайтуға мүдделі екенін айтты.

Бүгінде құны 14,5 миллиард доллар болатын 45 жоба жүзеге асырылып жатыр. Жалпы Қытай капиталының үлесі бар кәсіпорындар саны 4700-ден асады. Біз өзара тиімді инвестициялық жобаларды одан әрі жүзеге асырудың маңызын атап өттік. Нақтырақ айтқанда, энергетика, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, өндіріс, қаржы, көлік, аэроғарыш өнеркәсібі және IT салаларына тоқталдық. Қазақстан өз нарығына кіруге ниетті Қытай компаниялары үшін қолайлы жағдай жасауға дайын, – деді Қазақстан Президенті.

 

Тегтер: