Қазақстанда Қытаймен бірлесіп үш ірі электр станциясы салынады
Қазақстанда Қытай компаниясымен бірлесіп екі жел электр станциясы және бір күн электр станциясы іске қосылады деп жоспарланған.
Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов хабарлады.
Вице-министрдің айтуынша:
Павлодар облысында – 1000 МВт қуаты бар ірі жел электр станциясы салынады.
Қарағанды облысында – 500 МВт жел электр станциясы іске қосылады.
Түркістан облысында – 300 МВт күн электр станциясы құрылуда. Күн станциясының құрылысы желтоқсан айында басталып, 2027 жылдың бірінші тоқсанында аяқталуы жоспарланып отыр.
Қытай жобалардың негізгі инвесторы болып саналады, ал Қазақстан тарапынан құрылыста 25–30% үлес бар. Қалған екі жобаның құрылысы алдағы 2–3 жыл ішінде басталмақ. Үш жобаның жалпы инвестициялық бюджеті 2,2 млрд доллар деп бағаланған.