Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:39

Қазақстанда қызылшаға қарсы талап күшейді: Кімдерге екпе салынады?

қызылша
Фото: из открытых источников

Елімізде қызылша ауруының белең алуына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі сақтық шараларын барынша қатаңдатты.

 Соңғы мәліметтер бойынша, індетті ауыздықтау үшін жаппай вакцинациялау және шектеу шаралары енгізілді.

Екпе кімдерге салынады?

Министрлік эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша келесі топтарды вакцинациялауды ұйғарды:

  • 6-10 айлық нәрестелер: Оларға қосымша иммундау жүргізіледі.
  • 2-5 және 7-18 жас аралығындағы балалар: Бұрын екпе алмағандар үшін вакцинация ұйымдастырылды.
  • 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері: Егер бұрын екпе алғаны туралы құжаты болмаса, олар да вакцинациялануы тиіс.

Шектеулер мен жаңа ережелер

Тек екпе егу ғана емес, тәртіп те күшейтілді. Енді ауруханаға жоспарлы түрде жату ережелері қатаңдап, оқу ұжымдары мен әскери бөлімдерде екпесі жоқ адамдар жұмыстан немесе оқудан уақытша шеттетілуі мүмкін.

Қай өңірлерде жағдай күрделі?

Соңғы аптада ауырғандар саны 417-ден 311-ге дейін (25,4%-ға) азайғанымен, жағдай әлі де тұрақсыз. Індеттің ең көп тараған аймақтары:

  • Астана – 81 жағдай;
  • Алматы – 48 жағдай;
  • Алматы, Атырау және Қостанай облыстары – әрқайсысында 57 жағдайдан;
  • Батыс Қазақстан облысы – 29 жағдай.

Ауырғандардың басым бөлігі — 14 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар.

Тегтер: