Бүгін, 12:20
Қазақстанда кім қандай тілде сөйлеу керектігін ешкім міндеттей алмайды – Тоқаев

Президенттің айтуынша, елімізде азаматтар бір-бірін немесе мінберде сөйлеп тұрған адамды «мына тілде сөйле» деп мәжбүрлемеуге тиіс.
«Тіл мәселесін ту етіп қоғамда алауыздық туғызғысы келетін, ел ішіндегі жағдайды шиеленістіруге ұмтылатын әрбір әрекетке тосқауыл қойылып, заң жүзінде жазаланады. Бұл ретте үй ішіндегі ғана емес, шетелде отырып әлдебір ұйымдардың ақшасы мен тапсырмасына деструктивті әрекетпен айналысатын арандатушылар туралы да айтып отырмыз», - деді Тоқаев.
Бүгінде түлектердің 80%-ға жуығы Ұлттық бірыңғай тестілеуді мемлекеттік тілде тапсырады.
Биыл алғаш рет мектепке баратын балалардың 70%-дан астамы қазақ тілінде оқитын болады.