Қазақстанда көлік әкелу ережелері өзгереді
1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда шығарылғанына 3ш жылға толмаған көліктерді әкелуге жаңа ереже енгізіледі.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, енді шығарылғанына 3 жыл толмаған автокөліктерді тек КТБ құжатында (Көлік түрін бекіту) ресми тізімі бар адамдар ғана әкеле алады. Бұл құжат көлік құралының техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайды.
Бұрын декларацияланған кез келген тұлға КТБ арқылы автокөліктерді импорттай алатын. Алайда, қазір импорт құқығы осы құжатта тікелей көрсетілгендерге ғана сақталады. КТБ тек заңды тұлғаға беріледі.
Бұл өзгерістер Кедендік одақтың техникалық регламентіне сәйкес белгіленді және Қазақстанға автокөліктерді әкелуді оңтайландыруға бағытталған.
Алматыдағы табиғатты қорғау бекеттерінде жыл басынан бері 25 мың экологиялық нормаларды бұзу фактілері тіркелген. Автокөліктерге қатысты салынған айыппұл сомасы 437,4 млн теңгені құраған.