Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 15:10

Қазақстанда малшылар мен шопандар үшін зейнет жасын төмендету жоспарланып отыр

шопан
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда мал шаруашылығы саласында еңбек ететін малшылар мен шопандардың зейнет жасын төмендету мәселесі қарастырылып жатыр.

 Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Аталған ұсыныс 2026-2030 жылдарға арналған агробизнес пен мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар жобасында қамтылған. Құжат Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес отырысында талқыланған.

Министрліктің мәліметінше, кешенді жоспар мал шаруашылығын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар әлеуметтік қолдау шараларын көздейді. Атап айтқанда:

  • малшылар мен шопандар үшін зейнет жасын төмендету;
  • әскери қызметтен уақытша босату (шақыруды кейінге қалдыру);
  • олардың балаларына білім беру гранттарын басым тәртіппен беру мәселелері ұсынылып отыр.

Кешенді жоспарды әзірлеуге Парламент депутаттары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, ғылыми қауымдастық өкілдері, қаржы секторы мен бизнес, соның ішінде «Атамекен» ҰКП қатысқан саларалық жұмыс тобы тартылған.