Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:44, 17 Сәуір 2025

Қазақстанда мемлекеттік сатып алулар көлемі 5 триллион теңгеге жетті

теңге
Фото: Shutterstock

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстандағы мемлекеттік сатып алулар көлемі 5 триллион теңгеге жетті.

Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 400 миллиард теңгеге көп. Бұл туралы қаржы вице-министрі Даурен Кенбеил Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Тендерлер мен келісімшарттар саны күрт артқан:

  • Тендер саны – 607 мыңнан 692 мыңға өсті.

  • Келісімшарттар – 464 мыңнан 700 мыңға дейін көбейді.

Неліктен өсім байқалды? Жаңа заңның арқасында:

  • Конкурс мерзімі екі айдан 10 күнге дейін қысқартылды.

  • Бір ғана өтінім түссе де, талаптарға сай болса — конкурс жарамды деп танылады.

  • Антидемпингтік шаралар, қатаң іріктеу талаптары, жалақы бойынша қарызы бар компанияларға шектеу енгізілді.

Нәтижесінде:

  • Шағым саны азайды: былтырғы 7623-ке қарсы 6737.

  • Жүйе тұрақты, ашық жұмыс істей бастады.

Шағын және орта бизнеске қолдау:

  • 50 мың МРП-ға дейінгі тауарлар мен қызметтер тек қазақстандық ШОБ-тан сатып алынады.

  • Аванс төлеу міндетті, қамтамасыз ету талаптары жеңілдетілген, айыппұл мөлшері төмендетілген.

Сатып алулардың цифрлануы:

  • Бірқатар салаларда жеңімпазды баллдық-рейтингтік жүйе автоматты түрде анықтайды.

  • Адам факторын азайту арқылы жемқорлық тәуекелі төмендейді.

Біріккен платформа құрылды Мемлекеттік, квазимемлекеттік және «Самұрық-Қазына» қорының барлық сатып алулары бір жүйеге біріктірілді. Бұл — сатып алу жүйесін толық интеграциялауға жасалған алғашқы қадам.