Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:21, 06 Қараша 2024

Қазақстанда "ОПГ"-ның тізімі бар ма?

ОПГ
Фото: ЖИ

Мәжіліс алаңында журналистердің сауалдарына жауап берген Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха құқық қорғау органдарында ұйымдасқан қылмыстық топтардың тізімі бар екенін растады.

 Бұдан бөлек ол Хасан Қасымбаевқа қатысты іс бойынша да түсініктеме берді.

"Олар жойылды, жаңалары пайда болды - біз оларды тіркеуге қоямыз. Бұл тұрақты жұмыс. Бірақ қазір өткен ғасырдың 90-жылдарындағыдай ұйымдасқан қылмыстық топтар өршіп тұрған жоқ", - деді ішкі істер министрінің орынбасары.

Ол Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша әзірге егжей-тегжейлі айтылмағанын, өйткені тергеу ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің құзырында екенін мәлімдеді.

"Қылмыстық іс аясында барлық мән-жай анықталатын болады. Әзірге біздің қызметкерлердің қатысы туралы мәлімет жоқ. Барлық іс-әрекеттер әр кезеңде прокуратурамен келісілген. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша ол жауапкершілікке тартылып жатыр", -  деді Лепеха.

Айта кетейік, Талғар облысындағы «Хутор» деп аталатын топтың жетекшісі делінген Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды.

Талғарда 16 жасар Шерзат Полаттың өлімінен кейін қоғамда ұйымдасқан қылмыстық топ туралы мәселе көтерілді. Тұрғындар қайғылы оқиғаны ағайынды Қасымбаевтар басқарады деп айтылып жатқан «Хутор» тобымен байланыстырды.