11:25, 16 Қазан 2023
Қазақстанда орташа зейнетақы 65 теңгеге өсті

Бір ай бұрын зейнетақының орташа мөлшері 120 923 теңгені құраған
Қазақстанда орташа зейнетақы 65 теңгеге өсті, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақының орташа жалпы мөлшері 120 988 теңгені құрады.
"2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша орташа жиынтық зейнетақы 120 988 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге", - деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
1 қазандағы жағдай бойынша елімізде 2 миллион 312 мың зейнеткер тұрса, жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 триллион теңгеден астам зейнетақы төленген.