Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:29

Қазақстанда орташа жалақы 473 мың теңгеден асты

жалақы
Фото: из открытых источников

Елімізде орташа айлық жалақы 473 158 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Ресми дерекке сәйкес, 2025 жылдың IV тоқсанында жалақының медианалық мөлшері 339 912 теңге болған. Ал орташа атаулы жалақы 473 158 теңгеге жетті.

Мамандардың айтуынша, көрсеткіштің өсуі жыл соңындағы қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылардың берілуімен байланысты.

Өңірлер бойынша ең жоғары өсім Ақмола облысында тіркелген — 17,4%. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы (13,1%), Абай облысы (11,7%), Алматы қаласы (11,5%) және Жетісу облысы (11,2%) тұр.