Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:48, 03 Қыркүйек 2024

Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеудің жаңа тұжырымдамасы ұсынылды

в
Фото: gov.kz
Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Биыл мереке 8 қыркүйекке түсіп отыр.

Осыған байланысты 2-8 қыркүйек аралығында жекелеген тақырыптық бағыттар бойынша іс-шаралар кешенін өткізу көзделген: 2 қыркүйек – «Отбасылық дәстүрлер: тарихымызды сақтаймыз, болашақты құрамыз»; 3 қыркүйек – «Отбасын жоспарлау»; 4 қыркүйек – «Саналы түрде ата-ана болу»; 5 қыркүйек – «Дені сау ұрпақ»; 6 қыркүйек – «Мықты отбасы - мықты мемлекеттің кепілі»; 7 қыркүйек – «Отбасылық әл-ауқат»; 8 қыркүйек – «Отбасылық демалыс: бақытты болашаққа инвестиция».

«Орталық деңгейде үлгілі отбасылардың жаңа моделін қалыптастыру, сондай-ақ Астана қаласында Отбасы және неке институтын нығайту мақсатында осы жылдың 6 қыркүйегінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарының қатысуымен «Отбасы - Отанымыздың асыл діңгегі» телемарафоны өткізіледі», - деді ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.
Тегтер: