Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:41

Қазақстанда «Первый» және басқа да ресейлік телеарналардың көрсетілімі тоқтатылды

Телеарна
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда бірқатар ресейлік телеарналардың көрсетілімі тоқтатылды.  Бұл туралы "Орда" басылымы жазды.

2026 жылдың көктемі басталғалы бері Қазақстандағы ақылы телевидение операторларының бірі — «Алма ТВ» қызметін пайдаланатын көрермендер бұрыннан үйреншікті телеарналардың көрсетілмей қалғанын байқады. 

2026 жылғы 28 ақпаннан бастап компания бір топқа кіретін барлық ресейлік телеарналардың ретрансляциясын тоқтатты. Енді эфир торынан төмендегі арналар алынып тасталды:

«Первый канал. Всемирная сеть»

«Музыка первого»

«Время далёкое и близкое»

«O»

«Карусель»

«Дом кино»

«Дом кино Премиум»

«Бобёр»

«Поехали»

«Победа»

«Телекафе»

«Ланки Live».

Ресми түсіндірме бойынша, бұған арналарды таратуға берілген уақытша лицензияның мерзімі аяқталғаны себеп болған.

Оператордың мәліметінше, оның орнына балама премиум телеарналар дайындалған. Кол-орталық қызметкерлерінің тұтынушыларға берген жауабына сәйкес, компания шетелдік телеарналар өкілдерінің ынтымақтастықты қайта жалғастыру жөніндегі шешімін күтуде.

Тұтынушылардың айтуынша, басқа операторлардың эфир торынан да «Первый канал», НТВ және бірқатар ресейлік арналар жоғалған. Олардың орнына жеке ақылы жазылым арқылы ғана көруге болатын жаңа арналар қосылған.