Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:46, 16 Қазан 2024

Қазақстанда SIM-карта сатуды шектеу ұсынылды

в
Фото: ашық дереккөз

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) жеке және заңды тұлғаларға SIM-карта сатуды шектеуді ұсынды. Бұл туралы вице-министр Асхат Оразбек мәлімдеді.

Оған себеп -  елдегі алаяқтық жағдайларының жиілеп кетуі болған.  

Қазір алаяқтар әлеуметтік желілерде жұмыс істейді. Негізінен WhatsApp-ты қолданады. Бірақ WhatsApp байланыс операторларын бұғаттай алмайды (...) Ұялы нөмірлер жоспарын мемлекетке қайтару үшін заңнамалық бастама көтереміз (...) Біз нөмірлік жоспарды мемлекетке қайтарамыз және азаматтар электрон үкімет порталында немесе eGov mobile қосымшасы арқылы ұялы телефон немес қалалық байланыс нөмірін алады. Сонымен қатар, бір адам алатын SIM-карталар санын шектейміз. Ал енді коммерциялық мақсатта SIM-карталарды бақылаусыз алатын заңды тұлғалар - олар әр нөмір үшін оны пайдалануын негіздеуі керек болады. Алдағы уақытта осындай бастамалармен сіздерге келеміз", - деді ресми өкіл.

 

Тегтер: