Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:53, 11 Сәуір 2024

Қазақстанда су тасқынынан 100 мыңға жуық адам эвакуацияланған

а
Фото: из открытых источников

Су тасқыны басталғалы бері 97 636 адам, оның ішінде 32 814 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді.

Уақытша орналасу пунктеріне 7 181 адам, оның ішінде 3 509 бала орналастырылған.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 471 жеке тұрғын үй, 433 аула аумағы су астында қалды. Бірлескен күштермен 8,717 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды. 2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағындағы су бұрылды.

«Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг, сондай-ақ кейбір өңірлерде өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде», - деді спикер.

Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына 24 мыңнан астам адам, 3000-ға жуық бірлік техника, 16 әуе кемесі жұмылдырылды. 

Фото: Ортком

Тегтер: