Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:08, 21 Ақпан 2024

Енді елімізде суицидке итермелегендер 9 жылға дейін сотталады

суицид
Фото: из открытых источников

Бұл туралы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұлдыз Сүлейменова мәжіліс отырысында мәлімдеді. 

Заң жобасындағы өзгерістердің бірі – суицидтің алдын алу мақсатында қылмыстық кодекске жаңа 2 құрам бойынша норма енгізілген. Олар: суицидке итермелеу және суицидті насихаттау. Мысалы бұдан бірнеше жыл бұрын «Синий кит» немесе сол секілді ойындар бойынша әлеуметтік желілерде челенджге айналған еді.

– Суицидке итермелегені үшін 5 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілік белгілеу ұсынылады. Суицидті насихаттағаны үшін 200 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізіліп жатыр, – дейді заң жобасын қорғаған депутат Жұлдыз Сүлейменова.

Заң жобалары мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген.

Еске салайық, бұған дейін заң жобасының таныстырылымында депутат Асхат Аймағамбетов жоба мемлекет басшысының отбасылық-зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келетінін айтқан еді.

Тегтер: