Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:00

Қазақстанда «цифрлық имам» іске қосылады

1
Фото: ЖИ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін Imam AI атты мобильді қосымшаның іске қосылатынын жариялады.

ҚМДБ мәліметінше, жаңа цифрлық өнім азаматтардың діни сұрақтарына жедел, сенімді әрі тексерілген дереккөздерге сүйене отырып жауап беруге арналған.

Осыған байланысты мәлімдеме жасаған Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы діни салаға заманауи технологияларды енгізу уақыт талабы екенін атап өтті.

«Заман талабына сай біз жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салаға жүйелі түрде енгізуіміз қажет. Бұл, ең алдымен, халықтың діни сауалдарына жедел әрі сенімді жауап беруге мүмкіндік береді, сондай-ақ дін қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайтады», - деді Бас мүфти.

Оның айтуынша, Imam AI қосымшасы жасанды интеллект көмегімен жамағаттың сұрақтарына жедел жауап беріп, тек беделді әрі сенімді діни дереккөздерге ғана сүйенетін болады.

ҚМДБ өкілдері бұл қосымшаның іске қосылуы діни кеңес алудың қолжетімділігін арттырып, сенімді ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетіп, халықтың рухани ағартылуына қосымша құрал болатынына үміт білдірді.