Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:43, 28 Тамыз 2024

Смайылов Назарбаев Университетіне тексеру жұмыстары жүретінін айтты

а
Фото: Ақорда

Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, Жоғары аудиторлық палатада биылғы II тоқсанда:

– теміржолға баса назар аудара отырып, көлік саласына, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы облыстарының бюджеттеріне және қазақстандықтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесіне аудит жүргізілген;

– жалпы сомасы 2,9 триллион теңгеден астам қаржыны құрайтын 73 нысан тексерілген. Нәтижесінде 39 миллиард теңгеден астам қаражаттың заңсыз жұмсалғаны анықталған;

-кемшіліктерді жою үшін көлік саласын дамыту, бюджеттік-инвестициялық жобаларды іске асыру, отандық фармацевтика өнімдерін өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау тетігін қайта қарау жөнінде ұсыныстар әзірленгенін айтты;

Сонымен қатар ол мемлекеттік аудит жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстар топтамасын таныстырып,биыл екінші жартыжылдықта жүргізілетін аудиторлық іс-шаралар туралы баяндады. Тексеру жұмыстары Назарбаев Университеті және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметін, сот жүйесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы, өңдеу өнеркәсібіндегі және құрылыстағы жекелеген бағыттарды қамтиды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуын мүлтіксіз бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ жалпы мемлекеттік аудит жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыруға ерекше мән беру керек екенін айтты, делінген хабарламада.