Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:41

Қазақстанда үш университет жабылды, себебі білім сапасы төмен

Магистратура
Фото: из открытых источников

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім сапасы төмен жоғары оқу орындарына қатысты қатаң шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, сот процестері нәтижесінде үш университет лицензиясынан айырылған.

Министрдің сөзінше, аталған оқу орындары талапқа сай білім бермеген әрі кей жағдайда студенттерді тиісті құжаттарсыз қабылдаған.

«Өткен жылы Ақтөбедегі Қазақстан-Ресей халықаралық университеті толық жабылды. Бұл процесс шусыз өтті — акционерлермен келісіп, студенттер басқа оқу орындарына ауыстырылды. Атырауда да бір университет жабылды. Қазір Шымкенттегі «Аймақтық инновациялық университетке» қатысты сот процесі жүріп жатыр, іс Жоғарғы сотқа дейін жетуі мүмкін», – деді министр.

Ол бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Айта кетейік, соңғы бес жылда министрлік 500-ден астам сот отырысына қатысып, 15 сапасыз білім беретін университеттің қызметін тоқтатқан.

Тегтер: