17:03, 09 Қаңтар 2024
Қазақстанда жаңа Алатау қаласы құрылды

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөліп алып, қайта құрылды.Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала қатарына жатқызылып, Алатау қаласы болып өзгертілді.
Еске салайық, бұған дейін «Ашық НҚА» порталына Алатау қаласын құру туралы қаулы талқылауға шығарылған болатын, сондай-ақ президенттің жеке қарауына жіберілген еді.