Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:18, 08 Шілде 2024

Қазақстанда жаңа ғылыми институт құрылды

Р
Фото: pixabay.com
Қазақстанда Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ғылыми институты қайта құрылды.

Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Үкіметпен бірлесе отырып, арнайы қаулы шығарылып, институт дербес ұйым ретінде құрылды. 1958 жылы негізі қаланған бұл институт барлық шахтерлер, металлургтер және зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін 500 мыңға жуық азаматтар үшін ерекше маңызға ие. Кейінгі жылдары институт университет құрамына кіріп, кейбір бөлімдері жабылып, тіпті жабылу қаупі де туындаған болатын, деп жазды ол.

Аталған институттың тиімді жұмыс істеуі үшін тұрақты қаржыландыру, зерттеулер жүргізу және жабдықтау мәселелері қарастырылып жатыр.