Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:16, 12 Шілде 2024

Қазақстанда жаңа мұнай компаниясы құрылмақ

п
Фото: pixabay

Қазақстанда «Теңіз Жасағы» атты жаңа мемлекеттік компания құрылуы мүмкін. Тиісті Үкімет қаулысының жобасы «Ашық заңды тұлғалар» порталында жарияланды.

Компанияның жарғылық капиталы 100 пайыз мемлекеттің үлесінен тұрады деп жоспарланған.

«Теңіз жасағы» мұнай төгілулерінің алдын алу және оларға әрекет ету (болған жағдайда) жұмыстарын жүргізетін болады.Бұл үшін оған Солтүстік Каспий экологиялық мұнай төгілуіне қарсы әрекет ету базасы және Каспий теңізі секторында жүзеге асырылатын теңіздегі мұнай операцияларын қолдау үшін басқа да инфрақұрылым нысандары беріледі, делінген хабарламада.

«Теңіз жасағы» Төтенше жағдайлар министрлігіне бағынатын болады.

Құжат 12 шілдеде жарияланды және 26 шілдеге дейін талқыланады.

Тегтер: