Бүгін, 14:15
Қазақстанда жанармай бағасы былтырдан бері 11 пайызға қымбаттаған
Қазақстанда бензин бағасы 2024 жылғы желтоқсаннан осы жылғы қыркүйекке дейін 11,2%-ға қымбаттаған.
Бұл көрсеткіш Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында ең жоғары өсім болып отыр.
Орта есеппен ЕАЭО елдерінде сол кезеңде бензин бағасы 9,2%-ға, дизель отыны – 4,4%-ға өскен. Қазақстанда бензин бағасы 11,2%-ға өскен. Ресейде болса бензин бағасы 9,3%-ға, Қырғызстанда 8,8%-ға, Беларусьте 6,7%-ға жоғарыласа, Арменияда ол 0,1%-ға төмендеген.
Алайда жақында үкімет жанармай бағасын осыдан кейін қымбаттатпауға мораторий жариялады.