Қазақстанда Жоғарғы сот төрағасының мәртебесін өзгерту ұсынылды
Қазақстан Конституциясында Жоғарғы сот төрағасының құқықтық мәртебесін нақтылау ұсынылды.
Бұл туралы Әділет министрі Ерлан Сарсембаев мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, құқықтық айқындықты қамтамасыз ету мақсатында Конституцияның 82-бабына Жоғарғы сот төрағасы өкілеттігі мерзімі ішінде Жоғарғы соттың судьясы болып саналатын жөнінде норма енгізу көзделуде.
Сонымен қатар, 82-баптан жергілікті және өзге де соттардың төрағаларын, сондай-ақ сот алқаларының төрағаларын тағайындау тәртібін реттейтін ережелерді алып тастау ұсынылып отыр. Министр бұл мәселелерді конституциялық заң деңгейінде реттеу орынды екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Конституциялық реформаларға қатысты ұсыныстарды талқылауға арналған Конституциялық комиссияның екінші отырысы өтіп жатыр.