Бүгін, 14:41
Қазақстанда жүргізуші куәлігінен электронды чиптерді алып тастамақ

Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктен электронды чиптерді алып тастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің жобасында айтылған.
«Жобаның мақсаты – жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктен электронды чипті алып тастау. Бұл қаржылай тұрғыдан тиімді», – делінген ІІМ бұйрығының жобасында.
Ведомствоның түсіндіруінше, чип-модульдерді енгізу мен пайдалану қосымша шығындарды талап етеді. Ал олардың қызметін қазіргі уақытта мемлекеттік деректер қоры мен ақпараттық жүйелер толық қамтамасыз етіп отыр.
«Осыған байланысты чиптен бас тарту бюджет қаражатын үнемдеуге және құжаттарды дайындау процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді ІІМ.