Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:05

Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы белгілі болды

Қазақстан
Фото: из открытых источников

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша өткізілген жалпыұлттық конкурстың қорытындысы жарияланды.

Бұл туралы ҚР Атом энергиясы агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында eGov Mobile платформасында өткен конкурсқа 16 жастан асқан 27 157 қазақстандық қатысқан. Әр қатысушы тек бір нұсқа ұсына алды.

Конкурс комиссиясының финалдық отырысында ең көп ұсыныс жинаған «Балқаш атом электр станциясы» атауы жеңімпаз деп танылған.

Агенттік мәліметінше, бұл атау халықаралық тәжірибеге де сәйкес келеді – көптеген елдер атом электр станцияларын географиялық ерекшеліктеріне қарай атайды.

Комиссия отырысында ең танымал 100 атау талқыланды. Нәтижесінде «Балқаш атом электр станциясы» атауын 882 азамат ұсынғаны анықталды. Ол танымалдық рейтингі бойынша бірінші орынға шығып, конкурстың ресми жеңімпазы атанған.

Сонымен қатар комиссия станция атауының орыс және ағылшын тілдеріндегі  «Атомная электростанция "Балхаш" және Balkhash Nuclear Power Plant ресми нұсқаларын да бекіткен.

Тегтер: