Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:49

Қазақстандағы бір депутатқа жыл сайын орта есеппен 195 миллион теңге кетеді

1
Фото: ашық дереккөз

Курсивтің хабарлауынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша парламенттің (Сенат пен Мәжіліс) шығындары шамамен 29 миллиард теңге болған, яғни бір заң шығарушы орган мүшесіне орта есеппен 195 миллион теңге жұмсалған.

Ел президенті халыққа арналған жыл сайынғы Жолдауында бірпалатты парламентке өту және Сенатты жою туралы ұсыныс жасады. Егер бұл шешім референдумда қабылданса, бюджеттік шығындарды қаншалықты үнемдеуге болатыны есептелді.

Соңғы он жыл ішінде парламенттің екі палатасының шығындары тұрақты түрде өсіп отырды, тек 2020 жылы коронавируспен күрес үшін бюджет оңтайландырылған. Инфляцияны есепке алғанда, соңғы онжылдықта шығындар 25%-ға артқан.

Егер 2015 жылы бір депутатқа есептелген шығын айына 70 миллион теңге болса, 2024 жылы бұл сома 195 миллион теңгеге жеткен. Салыстырмалы бағалар бойынша өсім 30%-ды құрады, ал депутаттар саны 154-тен 148-ге дейін азайды.

Тегтер: