Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:31, 10 Қараша 2023

Қазақстандағы діни толеранттылық үлгісі: тәжірибе мен жетістіктер

дін
Фото: из открытых источников

Қазіргі таңда Қазақстан түрлі ұлт өкілдері мен олардың мәдениеті, діні жағынан бір қара шаңырақтың астында бейбіт өмір сүруде. Сонымен қоса, ұлттардың құқығының қорғалуы, ұлтараздық қақтығыстардың алдын алу, салт-дәстүрлерін сыйлау деген секілді жалпыға ортақ талап пен қағидалары бар. Әрі діни толеранттылықты да ілгерілетуге және әртүрлі діни бірлестіктер арасындағы келісім мен түсіністікті қамтамасыз ететін үлгі құруға ұмтылуда. Бірақ қазір ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам заманы, түрлі әлеуметтік желілер, сайттар, платформалар, БАҚ арқылы теріс діни ағымдарға тартатын діни ұйымдар өте көп таралып жатыр. Оның ішінде ағымға сеніп, ілесіп кеткендері де бар. Осыған байланысты қоғамдағы діни толеранттылықты сақтау үшін тақырып шеңберінде саясатты әзірлеуге күш салуда.

Себебі діни толеранттылық мәселесі жеңіл қарастыратын мәселе емес әрине, қазіргі әлемдегі ең өзекті әрі белсенді талқыланатын мәселелердің бірі болмақ. Діни толеранттылықты ел ішіндегі идеологиялық және әлеуметтік-психологиялық көзқарастар біріктіретін және көптеген діни дәстүрлердің заңдылығына мүмкіндік беретін қоғамдық сананың күрделі құбылысы ретінде қарастыру керек. Сонымен қатар жеке адамдар, әлеуметтік құрылымдар және мемлекет деңгейіндегі нақты әрекеттер ретінде де қабылдануы керек. Басқаша айтқанда, діни толеранттылықты қоғамдағы адамзаттың дінге және конфессиялық тиесілігіне қарай әр түрлі болу құқығынан азаматтық қоғамның құндылығы мен әлеуметтік нормасы ретінде түсінсек болады.

Діни толеранттылық бүгінде Қазақстандағы бейбітшілікті, тұрақтылықты және экономикалық прогресті қамтамасыз етудің шешуші факторына айналды. Қазақстандықтар үшін толеранттылық ұстанымы саяси мәдениеттің нормасы ғана емес, оны барынша қолдап, нығайтып отырған мемлекеттің негізгі қағидаларының бірі. Осы негізде еліміздің жаһан көз тіккен, бас қосатын Әлем және дәстүрлі дін өкілдерінің Дүниежүзілік сьезі елімізде 6 дүркін болғанын айтып өтсек болады. Себебі бұл сьезде әртүрлі діндердің, ұстанымдардың бір-біріне тойтарыс беретін қайшылықтарды жеңуге, түсінісуге мүмкіндік береді. 

Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстан әрқашан Шығыс пен Батыстың түрлі діндері, мәдениеттері мен өркениеттерінің тоғысқан жері екені белгілі. Қазақтардың мәдени-этикалық дәстүрлерінен мұра болып қалған рухани саладағы толеранттылық бүгінгі және болашақта азаматтық бейбітшілікті сақтаудың жақсы негізі болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан барлық конфессияларға: мұсылмандарға, православие, католиктер, протестанттар, еврейлерге діни сенімнің абсолютті бостандығын қамтамасыз етті. Діни мекемелердің айтарлықтай сандық және сапалық өсуі байқалды. Жалпы елдегі Дін істері агенттігінің мәліметі бойынша 17 конфессияны біріктіретін діни бірлестіктердің жалпы саны 3088 болса, 1990 жылы олардың саны небәрі 670 болған. Ислам бірлестіктерінің саны 46-дан 2229-ға дейін өсті. Орыс православие шіркеуінің приходтары төрт есе өскен, яғни 62-ден 280-ге дейін өсім көрсеткен. Рим-католик шіркеуінің бірлестіктерінің саны 42-ден 79-ға дейін екі есе өсті. Дәстүрлі және жаңа протестанттық шіркеулердің саны шамамен 500-ге жетті. Олардан басқа 4 еврей және 2 буддистік діни бірлестіктер бар. Бүгінде Қазақстандағы діни мерекелер Құрбан айт және Рождество демалыс күндері болып жарияланды.

Жалпы діни толеранттылық саласындағы Қазақстанның тәжірибесі мен жетістіктерінің кейбір негізгі тұстарына тоқтала кетсек:

Көпконфессиялы қоғам: Қазақстан – ислам, православие, католицизм, протестантизм, буддизм және т.б. сияқты әртүрлі діндердің өкілдері тұратын көпконфессиялы ел. Мемлекет саясаты осы алуан түрлі діни бірлестіктер арасында бейбіт қатар өмір сүруді сақтауға бағытталған.

Заңнамада Қазақстанда діни бостандықты қорғауға және әртүрлі діни топтар арасындағы қақтығыстардың алдын алуға бағытталған бірқатар заңдар орындалды. Бұл заңдар барлық дінге сенушілердің теңдігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау мақсатында діни рәсімдерді реттейді. Сондай-ақ, дін туралы жаңа заңның тиімді жүзеге асуы әкімшілік органдардың сапалы жұмысы мен азаматтардың хабардар болуына байланысты екенін айта кеткен жөн. Қауымдастық топтарын оқыту және біріктіру бойынша күш-жігер діни және мәдени айырмашылықтар туралы оң қабылдауға ықпал етеді.

Дінаралық диалог: дінаралық диалог пен түсіністікке ықпал ететін іс-шаралар мен форумдарды өткізу. Мұндай бастамалар түрлі дін өкілдері мен әлеуметтік топтардың арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі. Діни бірлестіктерді мемлекеттік қолдау: Мемлекет әртүрлі діни бірлестіктерді және олардың әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларын белсенді түрде қолдайды. Бұл әлеуетті қақтығыстарды азайтуға көмектеседі және қоғамдағы ынтымақтастықты арттырады.

Білім беру бағдарламаларына діни төзімділік және өзара түсіністік бойынша курстарды кіріктіру. Білім беру толерантты қоғам құруда шешуші рөл атқарады, ал Қазақстан білім беру бағдарламаларына тиісті аспектілерді енгізуге ұмтылуда. Жалпы білім беретін мектептерде «Дінтану негіздері» курсын оқу бағдарламасына енгізу маңызды қадам болып табылды. Бұл оқушыларға әртүрлі діни дәстүрлерді тереңірек және саналы түрде түсінуге мүмкіндік береді, сол арқылы толерантты қоғамның дамуына үлес қосады.