Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:45

Қазақстандағы ірі алтын өндіруші компания Қытайға сатылады

Қытай
Фото: zhasalash.kz

Қазақстанда алтын өндірумен айналысатын RG Gold компаниясы сатылатын болды. 

Компанияның Гонконг қор биржасына жариялаған мәліметіне сәйкес, Jinha Mining атты еншілес кәсіпорын Cantech S.a.r.l. компаниясымен келісімге келген. Бұл келісімге сай, қытайлық тарап RG Gold пен RG Processing компанияларының 100% үлесін сатып алуға келіскен. Аталған компаниялар Ақмола облысындағы Райгородок алтын кен орны жобасын иеленіп, оны басқарады.

Оның иесі «Верный Капитал» тобы бұл активті қытайлық Zijin Gold International компаниясына сату жөнінде келісімге қол қойды. Аталған компания – әлемдегі ең ірі тау-кен корпорацияларының бірі саналатын Zijin Mining Group Co Ltd құрамына кіреді.

Zijin Mining Group-тың нарықтық құны шамамен 70 миллиард долларды құрайды. Портфелінде 17 елдегі 30-дан астам жоба бар. Компания Қазақстандағы жұмысы барысында жаңа жұмыс орындарын ашуға, экономикалық өсімге үлес қосып, озық халықаралық тәжірибелерді енгізуді көздеп отыр.

Мәміле барысында кеңесші ретінде J.P.Morgan Securities plc және BMO Capital Markets секілді жетекші инвестициялық банктер, сондай-ақ Herbert Smith Freehills заң компаниясы қатысқан.

Сатып алу құны “cash-free and debt-free” принципіне негізделіп анықталады. Яғни, сатып алушы компания мақсатты активтердің ешқандай берешегін немесе артық қолма-қол қаражатын қабылдамайды.

Алдын ала бағалау бойынша мәміленің жалпы құны – 1,2 миллиард АҚШ доллары. Алайда нақты төлем сомасы мәміле күніндегі қолма-қол қаражат көлемі, айналым капиталы, қаржылық берешек және өзге де қаржылық көрсеткіштерге қарай тараптар арасында қайта есептеледі.

Айта кетейік, «Верный Капитал» тобы RG Gold компаниясын 2014 жылдан бері басқарып келеді. Осы уақыт ішінде компанияның ресурстық қоры JORC халықаралық стандарты бойынша үш есе өсіп, 7,6 миллион унцияға жеткен.

Тегтер: