Қазақстандағы тоғыз өңір ауыз сумен толықтай қамтылған
Қазақстандықтарды ауыз сумен қамту мәселесі біртіндеп шешілген әлеуметтік проблемалардың бірі десек, қате болмас. Осы күнге дейін халықтың, әсіресе, ауыл тұрғындарының сапалы ауыз суға қолжетімділігі қанағаттандырарлық деңгейде болған жоқ.
Шағымдар мен ескертулер көп еді. Тіпті, ауыл тұрғындарының шуы мен наразылығы толастамайтын. Қысы-жазы суды тасып, әбігер болғандар әкімдік табалдырығын тоздырып, журналистерге жүгінетін. Онсыз да назарда түрған сумен қамту ісін бақылау одан сайын күшейді. Нәтиже жаман емес. Қазірге дейін сусыз отырған елдімекендер бар. Десек те өте аз. Әрі олар да жоспар бойынша жақын арада суға қосылады.
Нақтырақ тоқталсақ, өткен жылғы есептер көңіл қуантарлық. Халықты сумен қамту қалаларда – 98,9 пайыз, ауылдық елді мекендерде 96,6 пайыз болды. Қазақстандағы тоғыз өңір ауыз сумен толықтай қамтылған. 2023 жылғы антистатистиканың көшін Абай және Павлодар облыстары бастады. Ал Маңғыстау халқы 100 пайыз, Атырау және Алматы облысының тұрғындары 99 пайыз қамтылған. Демек, аталған облыстар өткен жылы өте жақсы нәтижелерге жеткен. Өңірлердегі жұмыс тоқтаған жоқ. 2024 жылы сумен қамту, жабдықтау жұмыстарын жүргізуге, су жүйелерінің құрылысы мен жөндеу жұмыстарына, реконструкцияға бюджеттен 218 миллиард теңге берілді. Бұл жалпы саны 324 жобаға арналған қаражат. Аталған жобалар ауылдарды да, қалаларды да қамтиды. Жасалған жұмыстардың нәтижесінде статистика да жаңарды. Биылғы есептерге сүйенсек, орталықтандырылған сумен жабдықтау қалаларда – 97,2 пайыз, ауылдарда – 86,4 пайыз. Ең жақсы көосеткіш көрсетіп отырған өңірлер – Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау Атырау, Алматы облыстары. Ал Қостанай, Жамбыл, Павлодар облыстары артта келеді.
Олардың атқарылуын талдар болсақ, елдімекендердегі су құбырларын салу және реконструкциялау жұмыстары бойынша тоғыз облыста 29 жоба жүріп жатыр. Бүгінде Ақмола, Атырау, Алматы, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан обылстарында, БҚО мен СҚО-да екі мың километр су құбырлары реконструкцидан өтіп, жаңадан салынбақ. Сәйкесінше, 437 елді мекенді сумен қаму ммүкін болады. Бұл дегеніміз, 92 мың тұрғыны бар 44 елді мекен. Осындай жобалардың нәтижесінде, жыл соңында қала тұрғындарының 99,5, ауыл тұрғындарының 97,8 пайызы сумен қамтылуы тиіс. Ал 2025 жылы он тоғыз қаланы толықтай сумен қамту көзделіп отыр. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін іске асырылуы керек жобалар тізбегі бар, олардың бәрі құжатпен бекітілген.
Су,а қатысты мәселе тек ауыз су емес. Бұдан бөлек, ауылшаруашылығына қажетті су қоры туралы да көп айтылады. Тағы да айтарлық дүниелер қатары қалың. Осы фонда елдегі су тапшылығы проблемасы да алға шығады. Бұл туралы жолдауда да айтылды.
«Су ресурсы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек. Жан-жақты ойластырылған су саясатын жүргізу, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу – үкіметтің алдында тұрған аса маңызды міндеттер», – деді президент. Демек, халықтың суға қолжетімділігін арттырумен қатар, оны үнемдеу мен жаңа технологиялар жағын да назарда ұстау қажет.