Қазақстандағы жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтті деп танылды
Қазақстандағы жаңа Конституция жобасына қатысты референдум өтті деп танылды.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге 6 471 378 адам қатысқан. Жалпы қатысу деңгейі 51,93 % болды. Ал референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жалпы саны 12 461 796 адамды құрайды.
Осылайша, қажетті қатысу шегі еңсерілді — дауыс беруге сайлаушылардың жартысынан көбі қатысқан.
Ең жоғары қатысу көрсеткіші Қызылорда облысында — 64,63 % тіркелді.
Сондай-ақ жоғары белсенділік мына өңірлерде байқалды:
Ақтөбе облысы — 61,37 %
Абай облысы — 61,04 %
Ақмола облысы — 60,05 %
Шығыс Қазақстан облысы — 59,60 %
Жетісу облысы — 59,82 %
Шымкент қаласы — 58,24 %
Түркістан облысы — 58,03 %
Қарағанды облысы — 57,32 %
Ал 56 пайыздан жоғары қатысу келесі өңірлерде тіркелді:
Атырау облысы — 56,54 %
Қостанай облысы — 56,51 %
Алматы облысы — 56,13 %
Басқа өңірлердегі көрсеткіштер:
Маңғыстау облысы — 53,14 %
Павлодар облысы — 53,31 %
Солтүстік Қазақстан облысы — 52,37 %
Ұлытау облысы — 52,06 %
Жамбыл облысы — 51,13 %
Батыс Қазақстан облысы — 49,97 %
Ең төмен қатысу Астана қаласында — 40,68 %, ал Алматы қаласында — 21,68 % болды.
Еске салайық, республикалық референдум 15 наурыз күні өтіп жатыр. Қазақстан азаматтарына бір ғана сұрақ ұсынылған:
«2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қабылдайсыз ба?»
Дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.