Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 17:14

Қазақстандағы жаңа жылу электр станцияларының құрылыс барысы қалай?

ТЭЦ
Фото: Kazpravda.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев еліміздің үш облысындағы (Ақмола, Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы) жылу электр станциялары құрылысының барысы туралы айтты.

Министр Көкшетаудағы жылу электр стансасының техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) соңғы сатысында деді.

"Жобалауды бастадық. Оның үстіне бірінші кезеңге учаскені дайындау және тазарту жұмыстарын бастап кеттік. Біз іс жүзінде қосалқы инфрақұрылымды салуды бастадық. Көктемде Семей мен Өскеменнің техникалық-экономикалық негіздемесін дайындаймыз», - деп уәде берді Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрлігінде өткен брифингте.

Энергетика министрі құрылыс құны Қазақстан үшін шешуші фактор болып табылатынын, сондықтан келіссөздер барынша қатаң жүргізілетінін атап өтті.

"Самұрық-Энергоға осы жобаларда ел намысын қорғайтын компания ретінде тиісті тапсырмалар берілді. Біздің басты сценарийіміз - Ресей үкіметінің субсидиялары бар несиесі. Бұл қазір келіссөздердің тақырыбы, яғни көлемі қандай болатыны. Бізде қаржыландыру көздері шектеулі, бірақ біз экономикалық қауіпсіздікті ескере отырып, бұл станциялардың уақытында салынуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдаймыз», - деп сендірді Сәтқалиев.

Айта кетейік, 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы үкіметтің елді жылумен қамтуға қатысты жұмысын сынға алған болатын.

Тегтер: