Қазақстандық банк арқылы 7 трлн теңге шығарылған: тексеріс басталды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдік 7 трлн теңгенің қазақстандық банк арқылы сыртқа шығарылғаны жөніндегі мәлімдемесінен кейін тексеру жұмыстары басталды.
Бұл туралы KazTAG хабарлады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) KazTAG сауалына берген жауабында трансшекаралық операцияларға қатысты тексеріс басталғанын растады.
«Аталған мәселелерді зерделеу үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қазақстан Ұлттық банкінің және Қаржылық мониторинг агенттігінің қатысуымен бірқатар банктердің трансшекаралық операцияларына заңнамада белгіленген тәртіппен тексеру басталды», – делінген агенттік жауабында.
Еске салайық, 28 қаңтар күні Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен алқа отырысында Президент Тоқаев агенттік төрағасы Жанат Элимановтың баяндамасына сүйене отырып, 2025 жылы көрші елдердің бірінен қазақстандық банктің көмегімен 7 трлн теңгеден астам қаржының өзге мемлекеттерге шығарылғанын айтқан болатын. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігіне, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне және Қазақстан Ұлттық банкіне нақты тапсырмалар жүктеген.