Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:00

Қазақстандық блогерге іздеу жарияланды

Ильяр Ювашев
Фото: ҚМА

Астанада қазақстандық блогер Ильяр Ювашевке («Ильярчик», andersonchik1) мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті хабарлады.

ҚМА мәліметінше, блогер Қазақстан аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға көмектесті деген күдікке ілінген.

Тергеу деректеріне сәйкес, Ювашев 2024–2025 жылдары mellstroy.game платформасын қоса алғанда, интернет-казино желісін құру мен басқаруға қатысқан.

Ведомствоның мәліметінше:

– ақша айналымын заңдастыру үшін 22 жалған заңды тұлға тіркелген;

– POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған;

– осы арналар арқылы 3,6 млрд теңгеден астам қаржы өткен.

ҚМА азаматтарды күдіктінің жүрген жері туралы кез келген ақпаратты хабарлауға шақырды. Ақпарат бергендерге анонимдік пен сыйақы кепілдендірілген.

Сонымен қатар ведомство Беларусь азаматы, блогер Mellstroy ретінде танымал Андрей Буримге қатысты да тергеу жалғасып жатқанын хабарлады. Ол халықаралық іздеуде.

Тергеу мәліметінше, интернет-казиноны насихаттау үшін TikTok пен YouTube Shorts платформаларында түрлі байқаулар мен челлендждер қолданылған.