10:31, 04 Желтоқсан 2024
Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатының келесі айналымына өтті
Келесі жекпе-жек 7 желтоқсанда өтеді.
Бокстан Қазақстан құрамасының атынан екі спортшы Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті.
Аида Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық боксшы Дильфуза Бековамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде, Аида қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, келесі айналымға өтті.
Ал тағы бір қазақстандық боксшы Милана Сафронова (66 келіге дейін) қарсыласының жарыстан бас тартуына байланысты, жартылай финалға тікелей жолдама алды.
Айта кетейік, келесі жекпе-жек 7 желтоқсанда өтеді.