Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Қазақстандық балуандар Болат Сақаев пен Азамат Дәулетбеков Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
86 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Болат Сақаев Солтүстік Корея өкілі Сон Ган Джиден басым түсті. Белдесу Сақаевтың пайдасына 12:2 есебімен, уақытынан бұрын аяқталды.
Одан кейін 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Азамат Дәулетбеков моңғолиялық Бат Эрдэнэ Бямбасүрәнді 3:0 есебімен жеңіп, турнирдің жартылай финалына өтті.
Жартылай финал кездесулері бүгін, 11 сәуірде өтеді.
Айта кетейік, 10 сәуір күні Моңғолия астанасы Улан-Баторда өткен ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпы медаль есебінде бірінші орын алды.
Қазақстандық спортшылар жалпы 13 медаль жеңіп алды, оның 6-уы – алтын.
Жүлдегерлер:
Алтын: Надежда Рябец, Дина Исламбекова, Сабыржан Аққалықов, Оразбек Асылқұлов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай
Күміс: Бақыт Сейдіш, Төрехан Сабырхан
Қола: Айгерім Сәттібаева, Валентина Хальзова, Ертуған Зейноллинов, Махмуд Сабырхан.