Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:50

Қазақстандық модель Бали аралында блогермен жанжалдан кейін жазаға тартылды

 Гүлсезім Алтайбекова
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық модель Гүлсезім Алтайбекова Бали аралында ресейлік блогер Карина Фадеевамен болған жанжалға байланысты сот шешімімен жаза алды. Бұл туралы beksports.kz хабарлады.

Сот үкімінің шыққанын Фадеева өзі мәлімдеді. Оның айтуынша, сот Алтайбековаға ақшалай өтемақы төлеуді, сондай-ақ төрт аптаға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

«Мен кешіремін, ал егер адам сабақ алмаса, өмір бәрібір ерте ме, кеш пе бәрін өз орнына қояды», - деп жазды блогер әлеуметтік желіде.

Бұған дейін Фадеева Балидағы барлардың бірінде өзіне шабуыл жасалғанын айтқан. Оның нұсқасына сәйкес, Алтайбекова жігітімен бірге отырған кезде жанжал туындап, блогерге шыны бөтелке лақтырған.

Кейінірек қазақстандық модель кешірім сұрағанымен, Фадееваның айтуынша, келтірілген шығынды өтеуден бас тартқан. Осыдан соң БАҚ-та Алтайбекованың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі де оның ұсталғанын растаған.

Сонымен бірге, оқиға болған мекеме өкілдері жанжалға Фадееваның құрбысы бірінші болып шыны стақан лақтырғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, бар қызметкерлері қақтығысқа жедел араласып, зардап шеккен адам медициналық мекемеге жеткізілген, ал бейнебақылау камераларындағы жазбалар полицияға тапсырылған.

Ашық деректерге сәйкес, Гүлсезім Алтайбекова 2022 жылы өткен «Мисс ТМД» байқауында Қазақстанның атынан қатысқан.