Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:42, 21 Тамыз 2024

Қазақстандық оқушылар еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында 4 медаль алды

у
Фото: gov.kz

Қазақстандық оқушылар EJOI-2024 Информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында екі алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды.

Молдовада EJOI-2024 Информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы өз мәресіне жетті.

Биыл жарысқа 50 елден келген 200-ге жуық оқушы қатысты. Олимпиада екі күнге созылды. Қатысушылар күн сайын үш тапсырмадан орындады, әр жинақ үшін төрт сағат қана берілді. Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды, делінген хабарламада.

Алтын медаль – Мансұр Мамадахунов, Қызылорда облыстық С. Шаухаманов атындағы «Білім-Инновация» дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Алтын медаль – Жан Анри, Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебінің» 9-сынып оқушысы.

Күміс медаль – Исатай Исмағзи, Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Қола медаль – Арнұр Нұрғазин, Семей қаласындағы ФМБ НЗМ-нің 8-сынып оқушысы.

Команданы дайындаған жетекшілер: Темірлан Сатылханов, ACM бас бапкері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, Альтаир Ашуров, Назарбаев Университетінің студенті, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.

Естеріңізге салсақ, алдыңғы жылы EJOI-2023 олимпиадасында біздің жас бағдарламашыларымыз бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған болатын.

Тегтер: