Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:30, 23 Қаңтар 2024

Қазақстандық сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді

жер сілкінісі
Фото: из открытых источников

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 15:07 - де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 263 км жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы -10.5.
  • Магнитудасы MPV - 4.5.
  • Эпицентрдің координаттары 41.15° С. Е. 78.48° ш. б.
  • Тереңдігі - 5 км.

Еске салсақ, 23 қаңтарда Астана уақыты бойынша түнгі сағат 00:09-да Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде эпицентрі Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан жер сілкінісі тіркелді.