Бүгін, 15:55
Қазақстандық Жамиля Бакбергенова Ресейде өткен халықаралық күрес турнирінде жеңіске жетті
Қазақстандық балуан Жамиля Бакбергенова Ресейдің Красноярск қаласында өткен халықаралық күрес турнирінде алтын жүлде жеңіп алды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлады.
Қазақстан әйелдер күресі құрамасының өкілі Жамиля Бакбергенова дәстүрлі Иван Ярыгин кубогы турнирінде 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда жеңіске жетті.
Шешуші белдесуде қазақстандық спортшы моңғолиялық Болртунгалаг Зоригтты айқын басымдықпен ұтты. Ал қола жүлдені қырғызстандық Нурзат Нуртаева мен ресейлік Ксения Буракова иеленді.
Сонымен қатар осы турнирде Қазақстан құрамасының тағы екі өкілі жүлдегер атанды. Лаура Алмағанбетова (55 келіге дейін) мен Виктория Хусаинова (59 келіге дейін) күміс жүлдеге қол жеткізді.