ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС СПОРТШЫЛАР АЗИЯ КУБОГЫНДА ТОП ЖАРДЫ!

2025 жылғы 19–20 шілде күндері Малайзияның Кампар қаласында өткен триатлоннан U19 санатындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы керемет жетістікке жетіп, басты сенсацияға айналды.
17 елден келген 85 үздік жас спортшы қатысқан бәсекеде біздің спортшылар дара шықты — олар жекелей сында да, командалық эстафетада да жеңімпаз атанды.
🥇 Жекелей сындағы жеңістер
-
Айнегов Рамазан — Азия кубогының чемпионы! Ол спринтерлік қашықтықта өзгелерден оқ бойы озып, үздік техникасы мен мықты дайындығын дәлелдеді.
-
Қанай Елмұрат — қола жүлде иегері.
Бұл екі жүлде — Қазақстан жасөспірімдер құрамасының болашағы зор екенін айқын көрсетіп берді.
🏅 Аралас эстафетадағы алтын
Mixed Relay (аралас эстафета) сайысында Қазақстан құрамасы:
-
Ержанова Диана
-
Крупяков Илья
-
Нұрмұхамет Алуа
-
Оразбек Аманат
жоғары нәтиже көрсетіп, Оңтүстік Корея (2-орын) мен Сингапурды (3-орын) артта қалдырды. Азияның алдыңғы қатарлы командаларының арасында топ жару — үлкен жетістік.