Қазақстандықтар ешбір құжатсыз, QR-код арқылы жұмысқа орналаса алады - Мусин
Цифрлық даму министрлігі қағазбастылық мәселесін ретке келтірмек
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Digital Bridge форумында елдегі жұмысқа орналасу процесін жеңілдетуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
"Жұмысқа орналасқан әрбір адам құжаттарды электронды форматта болса да жүктеп алып, кадр бөліміне апару керек екенін біледі. Енді жұмысшылар QR-кодты сканерден өткізу арқылы ғана жұмысқа орналаса алады" - деді министр.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Тоқаев Digital Bridge форумында Қазақстанда жасанды интеллектке мамандандырылған дата орталықтарының құрылысын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Президент есептеуіш қуатты арттыру қажеттігін баса айтты.
Ал Бағдат Мусин Мемлекет басшысына екінші деңгейлі жекелеген банктер мен басқа да компаниялар өз платформалары арқылы азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретінін баяндады.