Қазақстандықтар қолма-қол ақшаны қаншалықты жиі қолданады?

Ұлттық банк Қазақстанда айналымда қанша қолма-қол ақша барын және біздің азаматтардың тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде банкноттарды қаншалықты жиі пайдаланатынын айтты, - деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Ұлттық банктің мәліметінше, қолма-қол ақшасыз төлем инфрақұрылымының белсенді дамуына қарамастан, айналыстағы қолма-қол ақшаның динамикасы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Айналыстағы қолма-қол ақшаның орташа жылдық өсу қарқыны соңғы 5 жылда 9,9 пайызды құрады. Ұлттық банк 2023 жылғы желтоқсан айындағы қолма-қол ақшаның көлемі 3,5 трлн теңгені құрағанын хабарлады.
Ұлттық банк жүргізген әлеуметтанулық зерттеудің нәтижесіне сәйкес, қолма-қол төлемді көбірек ұнататын халықтың үлесі 60 пайызға жуықтайды.
Қолма-қол ақша аймақтарда жиі қолданылады:
- Қолма-қол ақшалай төлемдердің 81 пайызы Атырау облысына тиесілі;
- Павлодарда – 77 пайыз;
- Батыс Қазақстан бойынша – 74 пайыз;
- ең азы – Алматыда, 36 пайыз;
Шағын аудандар қалаларға қарағанда 68% қолма-қол ақшаны жиі пайдаланады.
«Негізінен қолма-қол ақшасыз төлемдердің республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда қолданылатынын, сондай-ақ тұрақты интернеттің болуына және смартфондарды пайдалануға тәуелділігін ескере отырып, өңірлерде қолма-қол ақшаны төлеу өзекті болып қала береді.Сонымен қатар, халықтың 72 пайызға жуығы қолма-қол ақша алу үшін банк картасын пайдаланады. Осылайша, зерттеу нәтижелері қолма-қол ақшаның халық пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында маңызды төлем құралдарының бірі ретінде өз орнын сақтайтынын көрсетті», - деп атап өтті Ұлттық банк.