Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 14:21

Қазақстандықтар мобильді интернеттің өшірілуіне қатысты шағымданды

1
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда бірқатар мобильді байланыс операторларының абоненттері интернеттің дұрыс жұмыс істемей жатқанына жаппай шағымдана бастады.

Әлеуметтік желілерде Tele2 / Altel, Beeline, Activ және Kcell желілерін пайдаланушылар байланыс мүлде жоғалып кететінін немесе қатты баяулағанын жазуда. Көп жағдайда телефонда желі сигналы толық көрсетілгенімен, интернетке қосылу мүмкін болмай отыр.

Threads әлеуметтік желісінде бір қолданушы Activ операторының қолдау қызметіне 25 минут бойы қоңырау шала алмағанын айтқан. Оның сөзінше, операторлар интернеттің «бүкіл Қазақстан аумағында жұмыс істемей тұрғанын» және бұған блоктау себеп болғанын хабарлаған.

Ал Kcell абоненттерінің бірі интернеттің өзіне «қауіпсіздік мақсатында» өшірілгенін, алайда нақты себеп түсіндірілмегенін мәлімдеді. Басқа қолданушылар да желідегі ақауларға сыртқы кедергілер әсер етуі мүмкін деген болжам айтып жатыр.

Қазіргі таңда мобильді интернеттің істен шығуына не себеп болғаны туралы операторлар мен уәкілетті органдар тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

Айта кетейік, сонымен қатар Алматыдағы Республика алаңында да интернет өшірілгені туралы хабар тарады. Оған алаңға  «Белсенділер жиналады» деген ақпарат себеп болған.