Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:10

Қазақстандықтарды Сирия мен Ауғанстаннан келген босқындар туралы жалған ақпарат алаңдатты

телефон
Фото: из открытых источников

WhatsApp-та Қазақстандықтарға полиция атымен таралған хабарламалар ел арасында дүрбелең туғызып жатыр.

Онда тұрғындардан сақ болу, үйлерінің есігін жабу және «Сирия мен Ауғанстаннан келген кез келген мигрантпен жақын қарым-қатынасқа түспеу» сұралады. Тіпті, олардың қандай да бір өтініштері болса да абай болу керектігі ескертілген. Сонымен қатар, хабарламада балаларды ұрлау қауіпі туралы да айтылады.

Ішкі істер министрлігі бұл хабарламаны жалған деп танып, мұндай мәлімдемелерді жасаған жоқтарын айтты.

«Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген хабарламаларды таратпауға шақырамыз», – делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Сондай-ақ, бұған дейін мессенджерлерде полиция қызметкері ретінде жалған адамдар үйлерді аралап, халық санағы алдындағы жеке мәліметтерді жинап жатқаны жайлы хабарламалар тараған болатын.

Ескерту: Жалған ақпарат таратқаны үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылған.