Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:39, 20 Ақпан 2024

Қазақстандықтардың жеке деректері Қытайға беріліп кеткен: ҰҚК тексеру жүргізеді

Қытай
Фото: из открытых источников

Цифрландыру министрлігі қазақстандықтарға қатысты деректердің сыртқа шығуы туралы ақпаратты талдауды жариялады және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, дербес деректер мен ақпараттық қауіпсіздік туралы заңнаманың бұзылуы орын алуы мүмкін ұйымдарда жоспардан тыс тексерулерді бастады.

Бір күн бұрын Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігімен ынтымақтасатын iSoon компаниясы құпия құжаттамалардың жылыстап кетуіне жол бергені белгілі болды. Файлдар GitHub қызметінде ашық жарияланып кеткен.

Шетке шығып кеткен ақпараттарға қарағанда Қытайда алынған деректерді талдап, сұрыптай отырып, интернеттегі жарияланымдарды бақылау жүйесі жасалған. Атап айтқанда, Қытай билігі үшін қызығушылық туғызатын тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретін Х әлеуметтік желісіндегі посттарды бақылау платформасы құрылған.

Зиянкестер кез-келген ақпаратты алу арқылы Android және iOS құрылғыларына шабуыл жасай алады деп болжанып отыр. Құжаттарда Beeline, Kcell және Tele2 сияқты қазақстандық байланыс операторларының деректерінің тарап кеткені хабарланады. Құжаттарда Қазақтелеком мен БЖЗҚ туралы да айтылады.

Тегтер: