Қазақстандықтарға зейнетақы жинағынан тіс емдету мүмкіндігі қайта берілуі мүмкін
«Отбасы банк» басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимованың айтуынша, қазақстандықтар 2026 жылдың екінші жартысында зейнетақы жинақтары есебінен тіс емдету мүмкіндігін қайта пайдалана алады.
Оның сөзінше, бұл мәселе бойынша банк Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз жұмыс істеп жатыр. Негізгі мақсат — қызметті барынша қолжетімді әрі толық ашық ету.
Ибрагимова кейбір азаматтардың (шамамен 10%) бұл мүмкіндікті мақсатсыз пайдаланғаны салдарынан басқа адамдар да осы қызметтен айырылып қалғанын айтты. Сондықтан қазір процесті толық онлайн форматқа көшіру жоспарланып отыр.
Жоспар бойынша, жүйе 2026 жылдың үшінші-төртінші тоқсанында іске қосылуы мүмкін. Жаңа жүйе стоматологиялық клиникалар мен басқа медициналық ұйымдарды бір платформаға біріктіреді.
Сонымен қатар орындалған жұмыстардың актілері онлайн түрде рәсімделіп, Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесімен біріктіріледі. Бұл қызметтің ашық әрі бақылауда болуын қамтамасыз етеді.