Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:42, 02 Шілде 2024

Қазақстанға инвестиция тарту орталығын Роман Скляр басқармақ

скляр
Фото: Алексей Даничев

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы жаңа құрылым – Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталығын басқарады.

1. Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық (бұдан әрі – Ұлттық орталық) құрылсын. 2. Ұлттық орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің құрылымы базасында жүзеге асырады, делінген Үкімет қаулысында.

Бекітілген регламентке сәйкес, ұлттық орталық қызметіне жалпы басшылықты Премьер-Министрдің бірінші орынбасары жүзеге асыраыны айтылған. Бұл лауазымды қазір Роман Скляр атқарады.

ИҚҰО мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың өзге құрылымдық бөлімшелерін, оның ішінде Инвестициялар тарту кеңесінің хатшылығын, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаментін, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жобалық басқару саясаты департаментін, Президенттік жобалық офисті (Delivery unit – стратегиялық және инвестициялық жобалар блогы), "Kazakh Invest" ҰК" акционерлік қоғамын, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың өңірлік үйлестіру кеңестерін тарта отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының құрылымдық бөлімшесінің базасында матрицалық құрылым форматында құрылады.

ИҚҰО міндеттері:

1) Инвестициялар тарту кеңесі хатшылығының қызметін ұйымдастыру;

2) бәсекеге қабілетті инвестициялық ахуалды құру үшін реттеушілік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

3) Үкімет басшылығының тапсырмасы бойынша инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және олардың іске асырылуын мониторингтеу;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және олардың іске асырылуын мониторингтеу кезінде салааралық үйлестіру;

5) инвесторларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау.

8. ИҚҰО функциялары:

1) ИҚҰО құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың қызметін үйлестіру;

2) ИҚҰО құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ақпараттық және сараптамалық-талдамалық қолдауды жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін талап ететін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

4) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің бизнес және сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен өзара іс-қимылын басқару;

5) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының ИҚҰО құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іс-шараларда сөз сөйлеуі үшін материалдар дайындау;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының құрылымдық бөлімшелерін, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдарды тарта отырып, жоспарлы және жедел кеңестер өткізу;

7) Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың ИҚҰО құзыретіне кіретін кеңестеріне қатысу;

8) Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ИҚҰО міндеттері мен функциялары, сондай-ақ оның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.

Тегтер: