Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:09

Қазақстанға ҰҚШҰ елдерінің әскерлері келеді

в
Фото: gov.kz

Алматы облысында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. 

2024 жылғы 26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Алматы облысының "Жағалау" оқу полигоны базасында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған.Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтетін жерге 18 қыркүйектен бастап Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері аралас тәсілмен келе бастайды, делінген хабарламада.

Алматы және Жетісу облыстарының аумағы арқылы әскери қызметшілердің қозғалысы темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын болады.

Осыған байланысты, азаматтар мен БАҚ өкілдерінен әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз, деді Қорғаныс министрлігі.

Тегтер: