17:17, 16 Қазан 2024
Қазақстаннан Нобель сыйлығының лауреаттары шыға ма?
Ғылым министрлігінің өкілі Қазақстаннан Нобель сыйлығының лауреаттары шыға ма деген сауалға жауап берді.
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки атап өткендей, жақында өткен Нобель сыйлығын табыстаудың бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, Нобель сыйлығының лауреаттары - бұрынғы Нобель сыйлығының лауреаттары жұмыс істеген зертханаларда тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі болған ғалымдар.
«Бұл білім сабақтастығы. Мұны әсіресе физика, биология және химиядан байқауға болады. Классикалық білім жетекші ғылыми орталықтарда қалыптасады. Бізде жетекші ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өту бағдарламалары бар екенін ескерсек, бір күні біздің де ғалымдар, жастар, олармен бірге сыйлық алу мүмкіндігіне ие болады.
Екінші мәселе – біз жетекші ғалымдарды өзімізге шақырамыз. Біз ең алдымен осындай жобаларды қаржыландыра бастадық, яғни біздің базамызда, зертханаларымызда коллаборация жасау, сонда олар біздің ғалымдардың алдына міндеттер қоя алады. Бұл болашақта үздік жетістіктерге бағдарлануға мүмкіндік береді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында қойылған сұраққа берген жауабында.