12:22, 23 Қазан 2024
Қазақстаннан заңсыз жанармай тасымалдаудың 1 205 фактісі анықталды

Биыл Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік шекарада жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 159 фактісі анықталған.
Мұнай өнімдері қосымша орнатылған жанармай цистерналарын, қайта жабдықталған газ баллондарын және әртүрлі шаруашылық ыдыстарын пайдалана отырып автокөлікпен тасымалданған.
Жыл басынан бері осы учаскеде ЖЖМ-ды тасымалдаудың 1 205 жағдайының алдын алынды. Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін құзыретті органдарға берілді, деп мәлімдеді ҰҚК.